Денсаулық

МРТ мен КТ қандай жағдайда тегін?

Ағзада қатерлі ісік пайда болуы мүмкін деген күдік туындаса, қазақстандықтар МРТ және КТ сияқты тексерулерден тегін өтеді.

[smartslider3 slider=2661]

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға қауіпті дерттің алғашқы белгілері байқалған кезде қайда барып, қалай тексерілу қажеттігі жөнінде нұсқаулық таратты. Онда амбулаторлық жағдайда бойында қатерлі ісік болуы мүмкін пациенттерге мамандардың консультациясы және тексерудің «жасыл дәліз» бойынша жалпы кезекке тұру мен шектеу­лерден тыс, 18 жұмыс күні ішінде жүргізілетіні айтылған. Сондай-ақ онкологияға күдік болған жағдайда МРТ және КТ тегін түсірілетіні көрсетілген. Ол үшін тіркелген емханадан осы және басқа да тексеру түрлеріне жолдама алу қажет. Қатерлі ісік болуы мүмкін пациент­терге нақты диагноз қою үшін терең тексеру онкологиялық орталыққа жүгінген кезден бастап 15 жұмыс күні ішінде, емдеу тактикасын нақтылау және терапияны дербестендіру 30 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button