Денсаулық

Қант диабеті көбейді

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қант диабетіне шалдыққан қазақстандықтар саны 62%-ға өсті деп дабыл қақты. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомстволық министр Ажар ­Ғиният мәлімдеді.

[smartslider3 slider=2660]

Оның айтуынша, елімізде созылмалы инфекциялық емес аурулар санының өсуі денсаулық сақтау жүйесіне де, жалпы ел экономикасына да жүктеменің ұлғаюына ықпал етіп отыр.

«Қазақстандағы барлық өлім-жітімнің 84%-ға жуығының себебі – инфекциялық емес аурулар. Соңғы зерттеу деректері бойынша инфекциялық емес аурулардың төрт негізгі тобының: жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық және қатерлі ісік аурулары мезгілсіз қайтыс болу ықтималдығы әйелдермен салыстырғанда ер адамдарда 27%-ға басым болып келеді» деп атап өтті еліміздің бас дәрігері.

Сондай-ақ ол тағы бір алаңдайтын мәселе – балалардың арасында артық салмақ пен қант диабетінің күрт өсуі.

«6-9 жастағы балалардың арасында артық дене салмағының таралуы 20,6%-ды құрайды. Яғни ұлдардың арасында 23,6%-ға, қыздардың арасында 17,6%-ға артқан. Оның ішінде балалардың 6,6%-ы семіздікпен ауырады. Қант диабетімен сырқаттанудың 62%-ға өскені байқалады. Егер 2015 жылы бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 173-ті құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 280-ге жетті» деді министр.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button