Басты ақпаратЖаңалықтар

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ӘЛЕМНІҢ ӘРБІР ДІНІ БІЗДІ ЫНТЫМАҚҚА ШАҚЫРАДЫ

8b6052356866bbc9f94aad379557420a

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде болып, барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Президент құттықтау сөзінде: «Жасампаздықтың, ізгілік пен мейірбандықтың нышаны болған осынау жарқын мереке адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейді. Ол қазақстандықтардың жүрегіне жақындарына деген сүйіспеншілік ұялатады, адамгершілік құнды­лықтарды нығайта отырып, көмекке мұқтаж жандарға қам­қорлық жасауға жетелейді және рухани дәстүрлерге баулиды.

Қазақстан табысты дамыған 25 жылда Құрбан айт шын мәнінде ел бірлігі мен қоғамдағы кон­фессияаралық келісімді нығайта түсуге бірегей ықпал еткен айтулы мейрамға айналды.

Осынау қасиетті мереке күндері әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім, амандық және құт-береке тілеймін! Шаңырақтарыңыз шат­тық пен бақытқа толсын!» деді.

Елбасының айтуынша, 10 жылдан бері Құрбан айт пен Рождество демалыс күндері болып саналады. Бұл – ислам дініне де, христиан дініне де мемлекет қамқорлығының көрінісі.

Мешітте жамағатпен әңгіме­лескен Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіздік жылдарында қол жеткен табыстың бәрі еліміздегі бірлік пен тыныштықтың арқасы екенін атап өтті.
– Әлемдегі әрбір дін бізді ынтымаққа, ізгілікке, бір-бірі­мізді құрметтеуге шақырады. Құранда өзің тоқ болып, көршің аш отырса, сен мұсылман болып саналмайсың делінген. Онда мұсылмандардың ағымға, жікке бөлінбейтіні де айтылған. Нағыз мұсылман – ел-жұртқа, қоғамға, Отанына көмектесетін, барлық дінді бірдей көретін адам, – деді Мемлекет басшысы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button