Басты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

20160912192326

Кездесу барысында Қазақстан Президенті тағы да Ислам Каримовтің өзбек мемлекетін, елдеріміздің арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан бірегей үлесін атап өтті.

– Тарихымыз, дініміз, мәдениетіміз бір болғандықтан, оның бүкіл қайраткерлігі біздің халықтарымыз арасындағы достықты нығайта түсуге қызмет етті. Осы құндылықтарды сақтай білу өте маңызды. Екіжақты кездесулер барысында да, халықаралық ұйымдар жұмысы аясында да біз кез келген мәселеге қатысты өзара тиімді шешім таба білдік. Бауырластық байланысымызды бұдан әрі де нығайта беру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев екіжақты қарым-қатынастың мейлінше өзекті мәселелері, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар жөнінде пікір алмасты.

akorda.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button