Елорда тынысы

Он жылы аялдама орнатылды

Қысы қатты Астанаға аязды күндері тұрғындарды суықтан қорғар, жазғы ыстықта пана болар жылы аялдамалар керек-ақ. Осы мақсатта бас қалада тағы он жылы аялдама орнатылды.

Соңғы жылдары елордамызда жылы да жайлы аялдамалар ел игілігіне пайдалануға беріліп жатыр. Бұл аялдамаларда кондиционерлер, жылыту, жарықтандыру, бейнебақылау және Wi-Fi бар.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, жақында Астанада тағы он жаңа жылы аялдама орнатылды. Олар келесі мекенжайда орналасқан:

«№41 орта мектеп» аялдамасы – Болашақ көшесі (Алмалық көшесіне қарай);

«№73 мектеп-лицей» аялдамасы – 119 көше (Тәуелсіздік көшесіне қарай);

«Мұғалжар көшесі (талап бойынша)» аялдамасы – «Заречный» тұрғын алабына қарай;

«№68 орта мектеп» аялдамасы – Наурыз көшесі (Ұлытау көшесіне қарай);

«Қарлығаш-2» балабақшасы ­аялдамасы – Мәңгілік ел даңғылы (Сарайшық көшесіне қарай);

«Спутник» супермаркеті аялдамасы – Кенесары көшесі («Газмаш» АҚ көшесіне қарай);

«№94 мектеп-гимназия» аялдамасы – Оқжетпес көшесі (Александр Герцен көшесіне қарай);

«Теміржолшы» аялдамасы – Қорғалжын тас жолы (Шыңғыс ­Айтматов көшесіне қарай);

«Astana Medical Center» аялдамасы – Ахмет Байтұрсынов көшесі (Темірбек Жүргенов көшесіне қарай);

«Пенопласт зауыты» аялдамасы – Рақымжан Дүйсенбаев көшесі (Александр Герцен көшесіне қарай).

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button