Сайлау-2022

Көпбалалы аналармен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат ­Тұрсынбекова жануарларға қамқорлық ­жасайтын орталыққа барды.

Үміткер жұмысшылармен және орталық иесімен Қазақстандағы панасыз жануарлардың қиындықтары және оларға қандай көмек қажет екендігі туралы әңгімелесті.

Елімізде жануарларға қатысты қорқынышты жағдайлар өте көп орын алады. Қазақстандықтар үй жануарларына адамдар тарапынан жасалатын қорлық туралы күнделікті жаңалықтардан жиі оқиды. Жануарлардың құқығын қорғайтын еріктілер иесіз жануарларға көмек көрсету мақсатында осындай орталықтар ашқан.

Елордадағы «Періште жүрегі» жануарларға қамқорлық орталығында 130 ит пен 20 мысық өмір сүреді. Мекеменің құрылғанына биыл төрт жыл болады. Орталықтың негізін қалаушы Гүлмира Назарханова Қазақстанда жануарларға арналған мемлекеттік баспаналардың жоғын, тек аулау қызметтері мен жануарларды уақытша ұстау орталықтары бар екенін атап өтті. Жануарлар құқығын қорғаушының айтуынша, бұл мақсатқа бөлінген қаражатты тиімдірек жұмсауға болар еді. Оның үстіне, өлтіру үшін қолданылатын әдістер қатыгездікке жатады және жануарларға қарым-қатынасы адамгершілікке негізделген дамыған елдердің стандарттарына сәйкес келмейді.

Салтанат Тұрсынбекова елордада көпбалалы аналармен кездесті. Көпбалалы отбасылардың мәселелері бәріне белгілі: қиын қаржылық жағдай, баспана мәселесі және балаларды оқытуды ұйымдастыру, қарыз жүктемесі. Әйелдер Салтанат Тұрсынбековаға өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Құқық қорғаушы өзінің сайлауалды бағдарламасы аясында елдегі жағдайды өзгерткісі келетінін айтты. Мәселен, кандидат көпбалалы және қиын өмірлік жағдайдағы отбасылардың қарыздарын есептен шығарып, әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді, ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін (зейнетақы жинақтары, жәрдемақылар мен шәкіртақылар) арттыруды, бағдарлама әзірлеуді ұсынады. Кедейшілікпен күресу, ҮЕҰ мен еріктілерді тарта отырып, қолжетімді бағадағы өнімдер мен тауарлары бар әлеуметтік дүкендер желісін құру және т. б. жоспарлары да бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button