Мәдениет

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР ТЕАТРЫ

Аталған жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Биылғы қаңтар айында ұйымдастырылған іріктеуден өткен 5-17 жас аралығындағы 20 бала театрға қабылданды. Содан кейін музыка мамандарынан вокалдан және актерлік шеберліктен сабақ ала бас­тады. Тәжірибелі педагогтардан екі айға жуық дәріс алып, өткен аптада сахнаға шығып, өнерлерін көрсетті. Театрдың көркемдік жетек­шісі Бақытжан Тажиновтың айтуынша, болашақта бұл балаларды түрлі қалалық, республикалық және ха­лықаралық деңгейдегі концерттерге қатыстырып, шеберліктерін шыңдау жос­парлануда.

«Қазір театрға қабыл­данған балалардың музы­калық мүмкіндіктерін, ак­терлік қабілеттерін тек­серудеміз. Оларға әртіс сах­нада өзін қалай ұстау керек, әртіс пен көрерменнің қарым-қатынасы қандай болуы қажет, шығармашылық тұрғыдан өсу үшін ізденістің керектігін, ұжымдық жұ­мыстың ерекшелігін ұғын­дырып, түсіндірудеміз. Нағыз әртіс соның бәрін сезінуі тиіс. Сол кезде ғана ол сахна не екендігін түсіне алады» дейді ол.

Көркемдік жетекші Қа­зақстанда дарынды балалар мен жасөспірімдердің көптігін, театрға ірік­теу кезінде осыған көз жет­кізгенін айтады. «Мемлекет пен тиісті мекемелер мәдениет пен өнердің дамуына көп көңіл бөлуде. Елімізде жыл сайын балалар мен жас­өспірімдер арасында концерттер, байқаулар мен фес­тивальдер көптеп өткізілуде. Мұның мақсаты – тек өнерді дамыту ғана емес, жас таланттарды тауып, олардың шеберліктерінің шың­далуына жағдай жасау, олар өздерін толық мәнді әртіс ретінде сезіну үшін алаң дайындау» дейді Б.Тажинов.

Оның айтуынша, «Jas ‘Art» балалар эстрада театры­ның әртістерін бола­шақта ірі көлемдегі бала­ларға арналған мюзикл­дарға қатыстыру ойда бар.

Аманғали Қалжанов

Материалды «Астана ақшамы» газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button