Мәдениет

Премьер-лигада – жаңа чемпион

Жексенбі күні футболдан Қазақстан чемпио­наты мәреге жетті. Премьер-лигада алғаш рет Шымкенттің «Ордабасы» командасы чемпиондық атаққа қол жеткізді. Күміс жүлдегер –
«Астана», қола медаль «Ақтөбе» клубына бұйырды.

Сонымен көктемде бас­талған ел біріншілігінде жаңа чемпион анықталды. Ұлттық біріншілікте үзіліссіз ойнап келе жатқан «Ордабасы» командасы биыл бірінші рет алтын жүлдеге қол созды. Шымкент қаласы үшін бұл үлкен тойға айналды десе болады.

Ал Қазақстанның 7 дүркін чемпионы «Астана» бұл жолы күміс еншіледі. Сондай-ақ ел чемпионатында 5 дүркін жеңімпаз болған «Ақтөбе» бұл жолы қоланы қанағат тұтты.

Биылғы чемпионатқа қатысқан 14 команда арасында 182 матч өтті. Орташа есеппен әр ойынды 5421 жанкүйер тамашалаған екен.

Чемпионат қорытындысында алдағы жылғы УЕФА клубтық турнирлерінде: Чемпиондар лигасында – «Ордабасы», Еуропа лигасында – «Астана», Конференция лигасында «Ақтөбе» ойнайтын болды.

Ал «Оқжетпес» (Көкшетау), «Каспий» (Ақтау) және «Ақсу» (Павлодар) командалары турнир кестесінің соңында қалып, бірінші лигаға түсті. Биыл бірінші лигада үздік шыққан «Елім-ай» (Семей), «Тұран» (Түркістан) және «Жеңіс» (Астана) командалары алдағы жылы Премьер-лигада өнер көрсететін болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button