Жаңалықтар

Президенттің виртуалды қабылдау бөлмесі ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын өзіне виртуал­ды қабылдау бөлмесі арқылы сауал жолдауға шақырды. Бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында: «Құрметті оқырмандар! Менің парақшама жазылушылар мыңдаған ой-пікірлер, сауалдар жазады. Көбінесе жүйелі негізде шешілуі тиіс нақты мәселелер қозғалады. Әр адам өзінің жазған сауалына жауап болады деп үміттенеді. Алайда әлеуметтік желілер арқылы барлық сауалдарға жауап беру мүмкін емес. Қоғаммен өзара қарым-қатынас­ты жақсарту және азаматтардың сауалдарына жедел үн қату мақсатында www.akorda.kz сайтында Президенттің виртуалды қабылдау бөлмесі ашылды. Ол жерге келіп түскен әрбір хат ресми тіркеледі. Барлық хаттарды мен өзім және Президент Әкімшілігінің қызметкерлері оқиды. Виртуалды қабылдау бөлмесі әр азаматқа сұрақ жіберіп, жауабын алуға мүмкіндік береді» деп жазды Президент.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button