Жаңалықтар

Қажетке қарай қаржы бөлінсе

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті отырысында алдағы үш жылға арналған экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бюджеттік бағдарлама қаралды.

Байқоңыр ауданы құрылғанына көп болмаса да, оның аумағында елорданың ең ескі көшелері мен проблемалық тұрғын үйлер көбірек орналасқан. Сондықтан, аудан әкімі Асқар Есілов барлық қажетті шығындарды жабу үшін қаражат жеткіліксіз бөлінгенін атап өтті. Қаражатқа қосымша қажеттілік шамамен 1,5 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар, басқа аудандармен салыстырғанда олардың бюджеті ең аз екенін де айтты.
Қазіргі таңда Қоянды кентінде 10 мыңнан аса адам тұратындықтан, емханасы өте алыс, сондықтан амбулаторлық блоктың ашылуын қажет етеді. Яғни, «Үйдегі дәрігер» кабинетін ұйым­дастыру үшін жылжымайтын мүлік сатып алуға 10 млн қажеттігі айтылды. Қосымша қаржыландыруды қалалық Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерсін ­Өтебаев атап өтті. Спорт нысандарын күрделі жөндеуге 535,4 млн теңге, оның ішінде 153,8 млн теңге «Алау» мұз сарайына және 381, 9 млн теңге футбол алаңының шатырын жөндеуге бөлінді.
Мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының өкілдеріне бюджетті қалыптастыру кезінде елорданың барлық төрт ауданын қаржыландыруды тағы бір нақтылауды ұсынды. Тұрақты комиссия төрағасы Мирас Шекенов жұмысты қорытындылай келе қалалық бюджеттің 60 пайызы әлеуметтік салаға бөлінетінін атап өтті. Алайда Қоян­ды кентінде амбулаторлық блок ашу мәселесін шешу қажеттігін, сондай-ақ қалалық Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасынан Байқоңыр ауданы әкімдігінің және Активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасының аумағындағы спорттық ғимараттарды күрделі жөндеуге бюджеттік өтінімдерін тағы да мұқият қарауды сұрады.

Жадыра МҰРАТБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button