Қоғам

ҚҰРБАНДЫҚТЫҢ ҚҰНЫ ҚАНША?

– Базар әкімшілігі ірі қараның бағасы 315 мың теңге шамасында болады деп отыр. Егер 7 адам бірігіп, бір ірі қара құрбандыққа шалса, бір адамға 45 мың теңгеден айналады. Ол соманың ішіне барлығы кіретінін ескеру керек. Яғни қасапшылар малды сойып, бөліп, бәрін дайындап береді. Ет жетіге бөлінгеннен кейін жеті адам алып кете ме, қайырымдылыққа бере ме – өзі шешеді. Әрине, біз мал сатушылардан бағаны қатты қымбаттатпауды сұраймыз. Себебі халыққа қиындық жасамау керек, керісінше, көмек берілуі тиіс. Нарықтық баға қалай болса, сол бойынша сатуды сұраймыз, – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы
Нау­рызбай Өтпенов.
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының бөлім басшысы Әділет Төлеутаев базар басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. «Малдың бағасы бойынша біз базар басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Мереке кезінде малға деген сұраныс өте жоғары болады. Жалпы, былтырғы жылдың тәжірибесі бойынша ұсақ малдың – қойдың ең қымбат бағасы 40-50 мың теңгенің шамасы болуы мүмкін. Ал тоқтының құны 20 мың теңгеден басталады» деді әкімдік өкілі. Жалпы, қала бойынша 7 құрбандық шалу орны белгіленіп отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button