#Жаңа Қазақстан

Сайлаушылар белсенділігі жоғары

Тәуелсіз Қазақстан жылнамасында жетінші рет Президент сайлауы өтуде.
Астана қаласындағы 337 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Арай Исмайлованың сөзінше, 1,5 сағаттан аса уақытта 50-ден астам сайлаушы келіп өз таңдауын жасады. Сайлаушылардың қалалық жедел жәрдем бригадасы бір топ әріптесімен келіпті. Торайғыр Ермеков: «Бес әріптесіммен бірге келіп, өз таңдауымды жасадым. Әділетті Қазақстан үшін даусымды бердім» деді.

Ал, жедел жәрдем қызметінде фельдшер болып жұмыс істейтін Ақжол Қабланбеков: «Екінші рет сайлауға қатысып тұрмын. Әрбір азамат өзінің болашағы үшін дауыс беруі тиіс. Мен де өз таңдауымды жасап, болашағым үшін дауыс бердім, – деді.

Сайлау учаскесінде асталықтардың белсенділігін көруге болады.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button