#Жаңа Қазақстан

Жарқын болашақ үшін дауыс берейік!

Кез келген Сайлау алдында, ел арасында «Менің  дауысымнан не өзгерер, үміткерлердің қайсысы болсын бізге не берер дейсің, сайлауға қатысудың мәні бар ма?!» дегендей әңгімелердің көбейетіні рас.

Алайда, барша қазақстандықтар өркениетті елдердегідей, Еуропа мемлекеттеріндегідей өмірді қалайды. Еуропалықтардікіндей жалақы бізде де болсын дейді.  Еуропаның сапалы қызмет, көлік жолдарын армандайды. Дегенмен, сол қызыға қарайтын еуропалықтардың азаматтық жауапкершілігі аса жоғары екенін білесіздер ме? Сайлауға қатысуды әркім өзінің басты АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫ деп есептейді.

Тіпті сайлауға қатысуға мүмкіндік алу үлкен МӘРТЕБЕ ретінде қабылданады. Сол мемлекеттің толыққанды азаматы болғандықтан ел келешегіне өзіндік үлес, таңдау білдіру парызымыз деп қарайды. Тіпті өз шаруасы, іссапары, денсаулыққа қатысты сұрақтарды да сайлау күніне дейін реттеп алуға ыңғайластырады. Яғни сайлауды елдің жақын болашақтағы бас бағыт-бағдары деп түсінеді.

Еуропаның кейбір елдерінде тіпті сайлауға себепсіз қатыспаған азаматтарға айыппұл да заң жүзінде қарастырылған. Басқасын айтпағанда, сайлауға қатыспай, өз дауысын бермеу, нағыз масылдық психология не сана сезімі өте төмен адам ретінде қабылданады.

Біздің жылдар бойы мемлекеттен ғана талап етуге етіміз үйренді. Мемлекет толыққанды қамқорлық көрсетіп, бар жағдайыңа жауап беру керек. Және барынша барлығы тегін болса дейміз. Жарқын болашақты да мемлекет салуы тиіс. Ал, Мемлекет деген СІЗ бен БІЗ екенімізді түйсінуіміз қажет.

«Еуропалық» болуымыз үшін сана өзгеріп, жәй тұтынушылық, бей-жай әдеттен құтылғанымыз жөн. Елдің келешегін халықтың өз қолына алып, САЙЛАУ-ға барып, өз таңдауыңды білдіру КЕРЕК! Өзің үшін, балаң үшін, жақының үшін ТАҢДАУ жасау міндет. Басқа жол жоқ. Өзгеріс таңдаудан, сайлаудан басталады. Кез-келген сайлау қандай болғанда да ел үшін алға басатын ҚАДАМ.

Жексенбі еліміздің тарихында жаңа ПАРАҚ ашылатынына сенемін! Оны барлық ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР бірге ашады! Балаларымыздың ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ үшін дауыс берейік!  Қазақстанға өзге елдің азаматтары қызығып,  қазақстандық болуды армандайтын күнді ҰЛТ болып ұйысып жасайық!!!

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ,

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button