Жолдау

Сапа мен нәтиже – жаңаша сипат

Президент «Қазақ­стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауында жаңа кезең жағдайында мемлекеттік аппараттың қалай өзгеруі керектігін айтқан болатын.

Осыған байланысты ҚР Президенті жанын­дағы мемлекеттік бас­қару академиясының Kyzmet Talk сарапшылардың пікірталас ала­ңында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды.
Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары Арман Қожахметов пен Қанат Мусин, Президент Әкімшілігі мемлекеттік қыз­мет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі Диас Жұбандықов пен стратегиялық зерттеу және талдау орталығының сектор меңгерушісі Светлана Гамарник, сонымен қатар мемлекеттік органдардың қыз­меткерлері мен жергілікті билік өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, зерттеу орталықтарының мамандары, академия­ның магистранттары мен докторанттары қатысты.
Профессор Гүлсара Жүнісбекова мен доцент Әлия Дауешова­ның жетекшілік етуі­мен өткен жиында аза­маттық қоғамды дамыту мүддесінде мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру, мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қызметшілердің қызмет етуінің ашықтығын қамтамасыз ету туралы сөз қозғалды.

Сарапшылар мемлекеттік аппараттың ашықтық дәрежесін қалай көтеруге болатындығына тоқталып, соның нәтижесінде қоғамдық сенім дәрежесін көтеруге қатысты өз пікірлерін айтты.
«Мемлекеттік қызметтің имиджі маңыз­ды функционалдық және мәртебелік ма­ңыз­ға ие. Бұл оған қо­ғамның сенім деңгейі­нің көрсеткіші және компания қызметінің басқару тиімділігін бағалау критерийі болып саналады» дейді Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button