Саясат

Елді елең еткізген

ТРАМП АЗАМАТТЫҚ БЕРУГЕ ҚАРСЫ

АҚШ президенті Дональд Трамп заңсыз келген босқындардың Құрама Штаттарда туған балаларына азаматтық беру ісіне қарсылық білдірді.

Axios басылымы президенттің ойынша бұл шетел азаматтары мен босқындардың мұндай әрекеті мемлекетке кері әсерін тигізеді деп санайтынын хабарлады. Трамп өз сөзінде жыл сайын өмірге келетін
сәбилердің 7,5 пайызы (300 мың) осындай жолмен туылатынын жеткізді.
Осы жылдың тамыз айында АҚШ президенті азаматтық алу мен заңды мигранттарға арналған грин-карт жүйесін күшейтетіні хабарланған.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ЕСКЕРТКІШ

Үндістанның Гуджарат штатында әлемдегі ең биік ескерткіш ашылды. BBC мәліметі бойынша, ол Бірлік мүсіні деп аталады.

Оны қоғам қайраткері, Үндістан штаттарының басын бір арнаға қосқан Валлабхаи Пателяның құрметіне тұрғызды.
Бірлік ескерткішінің құрылысына 5 жыл уақыт кетіп, 430 млн доллар қаржы жұмсалды. Биіктігі 182 метрді, ал астындағы тұғырымен қоса есептегенде 240 метрді құрайды. Салыстырмалы түрде алар болсақ, Үндіс­тандағы жаңа нысан Нью-Йорктегі «Азаттық» ескерткішінен екі есе, ал бүгінге дейін ең биік саналып келген Қытайдың Хэнань провинциясында тұрғызылған «Буддадан» 54 метрге биік.

АРМЕНИЯ ПАРЛАМЕНТІ ТАРАТЫЛДЫ

Армения президенті Армен Саркисян ел парламентін тарату туралы қаулыға қол қойды.

«2018 жылдың 9 желтоқсанында кезектен тыс сайлау өткізілсін. Қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енгізіледі» деп жазды Армения президентінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, депутаттар екінші мәрте Никол Пашинянның кандидатурасына дауыс бермеді. Оны қолдап немесе қарсы шыққан ешкім болмады. 13 адам дауыс беруден бас тартты. Енді конституцияға байланысты Арменияның парламенті таратылды.
Арменияның бұрын­ғы премьер-министрі Никол Пашинян 16 қазан күні парламентті
тарату үшін өзінің отс­тавкаға кететінін мәлімдеген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button