Жаңалықтар

Сарыарқа ауданында – жаңа басшы

Президент Әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Байкен Есет Берікұлы Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалды.

Есет Байкен еңбек жолын 2008 жылы елордада экономика және бюджетті жоспарлау басқармасында жетекші маман ретінде бастаған. Әр жылдары астана әкімінің әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, елорда әкімінің бас инспекторы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
Соңғы жылдары ол ҚР Президенті әкімшілігі басшысының хатшылығында сарапшы, ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі қызметтерін атқарды.
Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 11 жылдан асады. 34 жастағы Есет Байкен әкімдік бөлімінің маманынан қалалық әкімшіліктің әкім аппаратының жетекшісіне дейінгі қызмет жолынан өтті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button