Қала тіршілігі

СКУТЕР МІНГЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР

erm_1044

Елордалық полицейлер көліктің жаңа түріне ие болды. Бұдан былай скутер деп аталатын жеңіл қозғалысты заманауи көлік мінген жол-патрульдік полиция қызметкерлерін астаналық саябақтан көруге болады.

Қалтарысы көп орындарды жеңіл автокөлікпен қадағалау қиын. Астана қаласының Ішкі істер департаменті сквер, саябақ секілді орындарда тәртіпті бақылау үшін әрі қылмыстың алдын алу мақсатында заманауи электромобиль мен скутер көлігін қолданысқа енгізді.
«Мұндай скутерлердің қызмет ету тиімділігі жоғары. Бақылау бар жерде тәртіп сақталады. Әзірге астаналық саябақта екі данасы бар. Алдағы уақытта «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін аумаққа осындай скутерлер мен электромобиль көліктері алынады. Мұның көмегімен тек саябақтың ішін ғана емес, қоғамдық орындарды да қадағалауға болады» дейді Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің Жол-патрульдік полиция полкінің штаб бастығы Қуаныш Еркінов.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button