Қала тіршілігі

МЕМЛЕКЕТ МҮЛКІ АШЫҚ САТЫЛАДЫ

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істер департаментінің басшысы Тілеген Қаскиннің төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің негізі» тақырыбында конференция болып өтті. Жиынға мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Астана қаласының мем­ле­кеттік мүлік және жеке­шелендіру департаменті заңды тұлғалардың мемлекеттік мүлікті мақсатқа сай және тиімді пайдалануын қамтамасыз етуді іске асырады. Департамент басшысының орынбасары Ерболат Жаңбырбаев мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген шаралар жөнінде баяндады.

– Мемлекеттік қызметте адамдармен қарым-қатынасты мейлінше азайту – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің негізі. Мемлекеттік мүлікті сатып алу және оны жалға беру жұмыстары коммуникациялық жаңа технологиялар негізінде жүзеге асырылады. Яғни, мүлікті сату интернет арқылы ашық жүргізіледі. Бұрын аукционға қатысқысы келген азаматтар көптеген құжаттар жинап, уақыт жоғалтатын. Қазір көрші қалада жүріп-ақ, қатыса беру мүмкіндігі қарастырылған. Оның үстіне сатылымға түскен әрбір мүлік­тің сипаттамасы, бағасы, тех­никалық жағдайы алдын ала сайтқа салынады. Содан болар, бұрын бар-жоғы 15-20 адам қатысса, дәл қазір аукционға қатысатындардың саны 100-ден асып жығылады. Бұл өз кезегінде мемлекетке едәуір табыс әкеледі, – дейді Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары Ерболат Сейіткамалұлы.

Сондай-ақ, жиында, «КАМЕДА» қоғамдық қорының атқарушы директоры М.Ес­пенова, «САНДЖ» зерттеу орталығының директоры Ж.Жандосова және тағы басқа азаматтар сыбайлас жем­қорлықпен күресудің тиімді жолдары туралы баяндады.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button