Қала тіршілігі

КОМИССИЯ БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ

Елордада үлестік қатысу мәсе­лелері жөніндегі ведомство­ара­лық комиссияның отырысы өтті.

Елордада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы аясында 58 нысан тұрақты бақылауға алынды. Аталған нысандардың құрылысында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» және «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдары сақталмаған, сондай-ақ өндірістік жұмыстар кестеден айтарлықтай кешіктіріліп жатыр.
Тиісті бұзушылықтар қала тұрғын­дарының өтініштері бойынша және кезекші жоспар жасаудың нәтижесінде анықталды. Анықталған фактілер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. Әрбір нысан бойынша құрылысты аяқтау жөніндегі нақты алгоритм әзірленді. Нысандар тұрақты бақылауға алынды және мемлекеттік органдар өз құзыреттілігі шегінде белгіленген тәртіпте салушыларға анықталған ескертулерді жоюға көмек көрсетеді.
Бұл ретте қала әкімдігі нысандарды мемлекет қаржысы есебінен аяқтау мүмкін еместігін алға тартты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button