Қала мен Сала

Спорт нысандары жаңаруда

Елордада бірнеше спорт нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Толқын» спорт кешенінің шатыры күрделі жөндеуден өтті. «Астана Арена» стадионында футбол алаңдары, киім ауыстыратын бөлмелер мен кіреберістер жаңаруда. Сондай-ақ «Қазақстан» спорт сарайын «ақылды» технологияларды қолдана отырып модернизациялау және пайдалануға беру жобасы жасалып, қазір арнайы құжаттары бекітілуде.
Ал «Қазанат» ипподромы аумағында ­иппотерапия әдісін қолдана отырып, мүгедек балаларды оңалту үшін ат спорты орталығын салу жұмыстары да қолға алынған. Нысанда 600 орын бар. Жоба жеке қаржылық бастама бойынша мемлекеттік-жекеменшік серік­тестік аясында жүзеге асырылуда.
Жақын арада IAAF халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығының талаптарына толық сәйкес, жабық үй-жайларда жеңіл атлетика бойынша халық­аралық және республикалық жарыстарды өткізуге арналған жеңіл атлетика спорт кешені пайдалануға беріледі. Бұл нысанның ашылуымен елордада спортшыларды халықаралық жарыстарға, соның ішінде әлем чемпионаттары мен жазғы Олимпиада ойындарына дайындауға арналған заманауи жоғары технологиялық база пайда болады. Сонымен бірге «Ильинка», «Көктал-2», «Өндіріс», «Железнодорожный» тұрғын алаптарында төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынуда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button