Басты ақпарат

Start- up жобалар цифрландыруға жетелейді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елорданың инновациялық экожүйесін дамытуға ерекше назар аударуда. Стартап-жобаларды қолдау шаралары жүйелі түрде өткізіледі. Жыл сайын 2000-ға жуық жаңа қатысушыға білім беру бағдарламаларын, инвестициялық және пилоттық жобаларды іске асыруға мүмкіндік беріледі.

«Стартаптар – инновация қозғалтқышы. Енді алдымызда экожүйені өсіру және белсенді жастарға өз идеяларын жүзеге асыруға көмектесу міндеті тұр. Бір ғана ойдың тұтас бизнес құра алатындығын көрсетуіміз керек» дейді Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және халыққа қызмет көрсету басқармасы басшысы Ботагөз Қасабек.
Дінмұхамед Жүнісов осы мүмкіндікті пайдаланып, өз идеясын іске асырды. Astana Innovations Challenge марафоны бойынша Okoo (Оқу) Seedstars инновациялық платформасы негізінде бірқатар жеделдету бағдарламаларын сәтті өткізіп, енді Нұр-Сұлтан қаласы мектептерімен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Бүгінде Okoo жобасы бағдарламалауды үйренуге арналған онлайн-білім беру платформасын ұсынады. Бұл платформа бүгінде Қазақстанның басқа қалаларында да белсенді түрде жүзеге асырылуда.

2017 жылдың басынан бері 5000-ға жуық адам кәсіпкерлік пен стартап дағдыларына оқытылды. Нәтижесінде түлектердің бір бөлігі Astana Hub ІТ стартаптар халықаралық технопаркінің және жақында ашылған Seedstars халықаралық бизнес акселераторының резиденттері атанды.
Жақында елордада қала әкімінің төрағалығымен ІТ кеңес құрылды, оның барысында қатысушылар өздерінің ІТ-жобаларын ұсынады. ІТ қоғамдастық шеңберінде қала тұрғындарының, бизнес қауымдастықтың және ғылыми ортаның пікірлері ескеріліп, қаланы цифрландырудың бірыңғай саясаты қалыптасатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button