Қоғам

Демократияны нығайтатын сайлау

Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлау қазақстандық парламентаризмнің дамуына тың серпін береді деп күтілуде.

Парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды. Алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Орталық сайлау комиссиясының қаулысы сәйкес Мәжіліс депутаттарымен қатар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы да бір мезгілде өтетін болып отыр. Мәслихат депуттаттары бірінші рет партиялық тізім бойынша сайланады.
Сайлау науқанына енгізілген жаңа бастамалар партияларға еліміздің саяси жүйесіндегі ұстанымын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер беретін болады.
Алдағы жылдың басында өтетін Мәжіліс депуттарын сайлау тәуелсіз ел тарихындағы жетінші шақылымдағы сайлау болмақ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button