Мәдениет

Таңғажайып кітаптар көрмесі

Адамның терісінен де кітап жасалған. XVII-XIX ғасырларда кең тараған бұл әдісті антроподдермиялық мұқабалап қаптау деп атайды.

Донордың ағзасын бөлшектегеннен ке­йін адамның терісін пайдаланған мұндай үлгілер, негізінен, анатомия бойынша жиі кездесетін кітаптарды қамтиды екен. Адам қайтыс болғаннан кейін донордың еркіне сай адам терісіне енген кітаптар әлем кітапханаларында жиі кездеседі. Ұлттық академиялық кітапханада өткізілген «Таңғажайып кітаптар мен қолжазбалар» атты көрмеге 1532 жылғы адам терісінен жасалған латын тіліндегі қолжазбадан тұратын осындай кітап қойылды.
Бұл дәстүрдің өркендеуі ХVII ғасыр­ға жатады. Дәрігерлер өздерінің кітап­ханалары үшін ғылымға мұра еткен адамдардың терісінен жасалған кітаптарға тапсырыс беріп отырған. Осы арқылы дәрігерлер өз ағзаларын ағартушылықтың игілігі жолына берген адамдарды еске алу үшін жасаған. Ал, негізінен, кітаптарды қаптау үшін бар өмірін ғылымға арнаған зерттеушілер немесе өлім жазасына кесілген жандардың терісі алынып отырған.
– Мұндай кітаптар сотталған қылмыс­кердің терісінен жасалынып, оған қылмыс­тық істердің көшірмелері енген. Мұндай кітаптың ең танымал үлгісі 1827 жылғы атақты Қызыл Барнадағы өлтіру оқиғасымен тығыз байланысты және ол кісі өлтіруші Уильям Кордердің терісіне тігілген, – дейді сирек кездесетін кітаптар қоры бөлімінің жетекшісі Мөлдір Қожахметова.
Адам терісінен жасалған ерекше басылымдарды Англия, Франция, АҚШ пен Франция кітапханаларынан кездестіруге болады. Көрмеге бұл кітаптан бөлек Молла Самарқанидың Әбдірахман Жәмиден жазып алған шығармасы – Үлкен кітап, ХVІІ ғасыр­да жарық көрген Әбулғари Сұлтан Абдул Алланың адамзатқа жіберген соңғы пайғамбары – Мұхаммед (с.ғ.с.) жөнінде, сахабалар мен әулиелер, ерекше жаратылған діндарлар жайындағы орама қолжазбасы қойылған. Ең алғаш бала сауатын ашуға арналған кітап – Міржақып Дулатұлының «Оқу құралы» да бар. Бастауыш мектепте екінші жыл оқылатын Қирағат кітабында автор ұстазы Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту мәселесіне байланысты идеяларын әрмен қарай дамыта келіп, Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға ерекше мән берген.
Бұдан бөлек, ескі қолжазба – Фикх пен шағатай тіліндегі қолжазбалар бар. Хұсни хат үлгісінде жазылған және суреттермен әсемделіп, өлең түрінде берілген өлеңдер мен ертегілерден тұратын кітап мұқабалары ерекше сақталыпты.

Мерей ДІЛДӘБЕКОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button