Басты ақпаратЖаңалықтар

ТҰРАҚТЫ ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК

0d035e4c761bc911f29b6d804ba8ddd8

Ширек ғасыр бұрын ел азаматтарының өмірінде біздің жағдайымызды түбегейлі өзгерткен тағдыршешті оқиғалар болды. Өткен ғасырдың 90-ыншы жылдардың ең басында біз тәуелсіз елімізді құрдық, үш ғасырға созылған мемлекеттік дәстүрімізді қалпына келтірдік. Ұлы Дала елін құруға кірістік.

Осындай маңызды оқиғалар бұрынғы идеологиялық ма­ғынадағы көшелер мен алаң­дардың атын өзгертуге ұласты. Саяси қуғын-сүргін құр­бан­дарын ақтау бойынша одан әрі іс-шаралар қабылданды, соның ішінде 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары да бар. Кейіннен сапалық жаңа құқық қорғау органдарын, соттарды, ҰҚК, прокуратура және т.б. құру бойынша шаралар қабылданды.

Егемендіктің алғашқы жылдары
1991 жылдың 16 желтоқ­са­нынан бастап біздің қоғамы­мызда ең маңызды әрі басты өзгерістер болды: халқымыз өз Президентінің бастауымен Тәуелсіздікке қол жеткізді. Жас ел қадам басқан сайын жаңа мемлекеттік институттар мен мекемелерді қатар қалыптастырды, аса қиын жағ­дайда аман қалу үшін барлық іс-шараларды қабылдады.
Қытаймен, Түркіменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Ресеймен арадағы мемле­кеттік шекараға қатысты мә­селелер шұғыл түрде реттелді. Ауыр жағдайда, офицерлердің бір бөлігі өздерінің тарихи отанына кете бастаған кезде, шекаралық әскер құрылды. 1993 жылдың басында «Қа­зақстан Республикасының мем­лекеттік шекарасы туралы» заң қабылданды. Біздің ше­ка­рамыздың ұзындығы 13 400 шақырымды құрайды.
Жедел түрде азаматтық туралы заң қабылданды. Бұл заң бо­йынша КСРО азаматтығы жойылып, екіжақты азаматтыққа тыйым салынды.
1992 жылдың 16 наурызында Республикалық гвардия құ­рылды. Ол тек мемлекеттің жо­ғары деңгейлі лауазымды тұл­ға­ларын қорғауды ғана емес, сонымен бірге бірқатар рәсімдік міндеттерді де жүзеге асырады.
1992 жылдың 10 қазанында республиканың Ішкі әскерлері құрылды, олардың міндетіне елдің ішкі қауіпсіздігін сақтау, соның ішінде түзету меке­мелерін қорғау да кірді.
Республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі Қарулы Күштердің рөлін ай­қындаған «Қазақстан Рес­пуб­ликасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» заң қабылданды. Мемлекет басшысы бастаған Қауіпсіздік кеңесі құрылды. Егеменді елдің жаңа әскерін қаржылық, материалдық-техникалық және басқа да жағынан қамтамасыз ету мәселелері шешілді.
Қарулы Күштерді құрған кездегі ауыр жылдар туралы еліміздің алғашқы Қорғаныс министрі С.Нұрмағамбетов: «Елбасының Қарулы Күштерді құру туралы Жарлығы шық­қаннан кейін біздің бәріміз тегеурінді түрде және бір кісідей жұмылып жұмыс істеуіміз керек болды. Біз әскерлердің арасында кең түрде түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы үдерісті өзі басқарды» деп еске алады. Ал 1993 жылы еліміздің Әскери доктринасы қабылданды.
Қоғамдық қатынастарды реттейтін бірқатар заңдар қа­был­данды. Олар: «Қоғамдық қатынастар туралы», «Діни наным-сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және т.б.
Осы шаралардың бәрі Тәуел­сіздіктің алғашқы айларында еліміздегі тұрақтылықты, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Рәмізіңмен рухтан!
Мемлекеттік рәміздерді: ел­таңбаны, туды және әнұранды әзірлеу бойынша жұмыстар қолға алынды. Бұл үшін байқау жарияланды. Еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, сонымен бірге шет елдерден де жүздеген адамдар үн қатты. Мемлекеттік рәміздер Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қа­тысуымен жасалды. 1992 жыл­дың 4 маусымында Президент бірқатар заңдарға қол қойды: «Қазақстан Республи­ка­сының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республи­ка­сының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Респуб­ликасының әнұранының музы­калық редакциясы туралы».
1992 жылдың 6 маусымында ресми рәсім – мемлекеттік рәміздердің тұсаукесері болды. Мемлекеттік рәміздердің үлгі-нұсқалары Мемлекет бас­шысының резиденциясында сақталуда. Олардың қабылдануы біздің тәуелсіздігімізді қалып­тастыру мен нығайтуда орасан зор рөл атқарды. Еліміздің абыройы асқақтады.

Ата Заңым айбарым
1991 жылдың 16 желтоқ­санында Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Бірақ бір оғаш жағдай болды: біз жаңа өлшемде өмір сүре бастадық, ал басшылыққа алғанымыз кеңес кезеңінде Жоғарғы кеңес қабылдаған ескі Консти­туция болды. Сонымен бір мез­гілде негізгі заңда болмаған бірқатар институттар, мысалы Президенттік институт жұмыс істеп жатты. Жаңа Конституцияны әзірлеу үшін құрамына еліміздің аса көрнекті заңгерлері: З.Федотова, Н.Шайкенов, Ғ.Сапарғалиев, Ю.Ким енген арнайы Конституциялық комиссия құрылды. Бірқатар депутаттардың тарапынан қар­сылық та болды. Сондықтан бұл Конституция әртүрлі саяси топтарды қанағаттандыратындай біршама келісімшіл болды. Ең бастысы: жаңа мемлекеттің құрылғандығы баса айтылды. Жаңа Конституция бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды, ал орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі функциясын атқарды. Біздің еліміз республикаға айналды.

Ұлттық валютамыз ұлықталды
Тәуелсіздіктің алғашқы күн­дерінен бастап Мемлекет басшысы бізге өз валютамыздың қажеттігі туралы ойдан арылмады, онсыз егеменді ел болу мүмкін емес еді. Сондықтан да 1992 жылдың басында өз валютамызды дайындау туралы құпия Жарлық шығарылды.
Осындай жағдайда біздің елі­міз өз валютасын енгізу үдерісін жеделдете бастады. Ұлттық валютамыз Ұлыбританияда басылып шықты. Мемлекет бас­шысы теңгенің дизайнын ойластыруға өзі тікелей қа­тысты. Ұлттық банкноттарда тарихи тұлғаларымыздың бейнесі басылды.
1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта енгізілді. Ұлттық банкті Үкіметтің құрылымынан шығарудың арқасында біз инфляцияны тоқтата алдық. Солай болғанда да, теңге долларға шаққанда 10 еседен артық құнсызданды. Қазақстан КСРО-ның мұрагері – көршілес Ресейдің ақша-қаржы саясатынан тәуелсіз болды.
Ұлттық валютаны енгізудің орасан зор тарихи маңызы болды. Осы қадамымен біздің еліміз шын мәнінде тәуелсіз елге айналды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Біздің ұлттық валютамыз – теңге – мемлекеттің тәуелсіз­дігінің және ауқаттылығының символы». Шын мәніндегі тәуел­сіздікті сезінген азамат­тары­мыз­дың деңгейі әжептәуір өсті. Өз валютамызды енгізу әлеуметтік-экономикалық реформаларды елеулі түрде тереңдетуге мүмкіндік берді. Халықаралық валюталық операциялар бел­сендірілді. Біздің республикамызда 200-ге жуық, соның ішінде шетелдіктердің қатысуымен, жаңа банкноттар пайда болды.
Ал алғашқы шетелдік банктер біздің елімізде 1993 жылдан бастап пайда болды. Еліміздің басшылығы қоғамның әлсіз қор­ғалған бөлігін: зейнет­кер­лерді, студенттерді, мүгедек­терді қолдау бойынша белсенді әлеу­­меттік саясатты да жүзеге асыра алды.

Зиябек Қабылдинов,
Ұлттық тарихшылар конгресінің ғылыми хатшысы, тарих ғылымдарының докторы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button