ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Апаттың себебі анықталды

????????????????????????????????????

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аумағындағы көпір құрастырмасы сапасыз материалдар салдарынан опырылып түскен. Яғни жобалау барысында талапқа сай келетін металл конструкциялар дұрыс таңдалып алынбаған.

Халықаралық маман­дан­дырылған көрменің қо­ғаммен байланыс департа­ментінің директоры Сергей Куяновтың айтуынша, аталған оқиға бойынша арнайы комиссия құрылып, тәуелсіз сараптама жасалған. «Сарап­тама барысында опы­рылу­дың құрастырмадағы қателіктен болғаны анық­талды. Яғни құлап түскен құрастырманы жобалаған қосалқы мердігер металдың басқа түрін пайдаланған» дейді Сергей Куянов.
Көрме кешенінде бас-аяғы сегіз құрастырма болған. Жауапты мердігер бұл құ­растырмалардың төртеуін өзі жобалап, қалған төртеуіне қосалқы мердігер тартқан. Нақты осы құрастырманы жобалаған қосалқы мердігер металдың басқа түрін пай­даланған. Мамандардың айтуынша, көрме кешенін тапсырыс беруші әлі қабылдаған жоқ. Сондықтан барлық шығындарды мердігер компания – BI Group өтейді. Бүгінде осы іспетті басқа да конструкцияларды күшейту жұмыстары жүргізіліп, әрбір декоративті элементтің ортасына қосымша тіреуіш­терді орнату туралы шешім қабыл­данып отыр.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button