ЖаңалықтарМәдениетТаным

АСТАНА ТАРИХЫН АЙШЫҚТАЙДЫ

12-1

Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Астана – Тәуелсіздік тұғыры» (Astana25.kz) веб-деректі жобасының  тұсаукесері өтті. Аталған жобаны студент жастарға Астана қаласы  Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Қаналимов таныстырды.

Тәуелсіздіктің 25 жыл­ды­ғына орай Астана әкім­дігі тарту етіп отыр­ған веб-деректі жоба көпші­лік қауымға арналған. Се­бебі бұл жобада ширек ға­сырда еліміздің басынан өткізген айтулы оқиғалар ұсынылған. Мысалы веб-деректі жобада архивтік фотолар мен видео­кадр­лар сәтті беріл­генін бай­қауға болады. Муль­ти­ме­диялық лонгрид форматында оқырмандарға 1991 жыл­­дан бастап Астананың мил­­­лионыншы тұрғынының дү­ниеге келуіне дейінгі ай­рықша сәттері қамтылған.
Ерлан Қаналимовтың айтуынша веб-деректі жоба Қазақстан тарихына қызығушылық танытқан оқыр­манға таптырмас де­рек­көзі бола алады. Сон­дықтан да ол аталған жо­баның қазақ, орыс және ағыл­шын тілдерінде дайын­дауға ерекше мән бергенін тілге тиек етті.
– Веб-деректі форматты Егемендікке жету жолын­дағы Қазақстан мен жаңа Астанамыз тарихын үлкен аудиторияға жеткізудің тиімді тәсілі ретінде таңдап алдық. Тәуелсіздіктің 25 жылында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елді да­мытуға қатысты қыруар істер атқарылды. Бүгінде қазақстандықтар бұл жайлы әлемге жар салып, мақ­танышпен айта алады. Бұл жобаның бір ерекшелігі алдағы уақытта мұны то­лықтырып, байыта түсуге мүмкіндік бар. Егер ертең сайтты көріп, қандай да бір толықтырулар енгізу керек болса, ұсыныстарыңызды жолдауға болады. Өйткені жас болғаннан кейін ойла­рыңызда жақсы идеялар болады деп есептеймін. Осы ретте Астана әкімі Әсет Исекешевтің муль­тимедиялық жобаны жасау идеясын қолдағанына қуанышты екенімді айтып өткім келеді, – деді басқарма басшысы.
Ерлан Қаналимовтың айтуынша аталған жоба алдағы уақытта қаладағы мектептердің тарих пәнінің мұғалімдеріне таныстырылады.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button