Басты ақпаратЖаңалықтарТаным

23 КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

9219df026b1a0f0c5fcb2117449be9b6

Астанада Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қатысуымен дәстүрге айналған Жалпы­ұлттық телекөпір өтті. Индустрияландыру күніне арналған игілікті шарада 23 жобаның тұсауы кесіліп, Елбасы телекөпір режимінде жаңа нысандарды іске қосып, индустрияландыру аясындағы жобалар құрылысының басталуына белгі берді.

Ауқымды шарада Елбасы Астана қаласындағы «Selena Insulations» ЖШС құрылыс материалдарын шығаратын зауытты іске қосты. Заман талабына сай нысанныңөнім­дері үйлерді жылытуға ар­налған. «Тауарларымыздың 40 пайызы Ресей мен Ор­та­лық Азияға экспортталады. Қазіргі таңда зауытта 70 адам еңбек етеді» деді ЖШС директорлар кеңесінің төр­ағасы Кшиштоф Домарецки. Ол Мемлекет басшысын Тәуелсіздіктің 25 жыл­ды­ғымен құттықтап, Қазақ­стан мен Польша ара­сындағы әріп­тестіктің жанданып келе жат­қаны жайында ой сабақтап өтті. Елбасы өз кезегінде екі ел арасындағы әріптестік туралы сөз қозғады. «Мен биыл Польшаға ресми сапармен барып қайттым. Сол кезде екі елдің әріптестік бай­ланысын арттыру мақса­тында келіссөздер жүргіздік. Бұл – жақсы үлгі. Сіздерде биз­­неске және құрылысқа жақсы жағдай жасалған деп үміт­­тенемін» деді Президент.
Сонымен бірге Елбасы Индустрияландыру күні аясында «Парыз» және «Алтын сапа» сыйлықтарын салтанатты жағ­дайда тапсырды. Биыл «Парыз» байқауының бас жүлдесіне корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда жоғары нәти­жеге қол жеткізген «Ақсай­ГазСервис» АҚ ие болды. Же­ңімпаз компания әлеу­мет­тік бағдарламаларды жүзеге асыруға жыл сайын 25 млн теңгеге дейін қаржы бөліп келеді. Қазақстан Прези­денті­нің «Алтын сапа» сыйлы­ғы­мен «Қазақстан электролиз зауытының» президенті Р.Романов, «Атырау­Мұнай­Маш» ЖШС директор­лар ке­ңесінің төрағасы С.Түгелбаев, «Химфарм» АҚ директоры Р.Байғарин марапатталды.
Осы жиында «Қазақ­стан­­ның үздік тауары» респуб­ликалық көрме бай­қа­­уының дипломант­та­рына арнаулы дипломдар табыс етілді. Байқау жеңім­­паз­дары үш аталым – «Өнді­рістік мақ­саттағы үздік тауар­лар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Ең үздік азық-түлік тауарлары» бойынша анықталды. Айта кетерлік, биыл «Алтын сапа» сый­лы­ғына 100-ден астам кә­сіп­орын үміткер болса, «Парыз» байқауына қатысуға еліміздегі 501 кәсіпорын өтінім берген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button