ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Айлық аясында АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша қайырымдылық акция ұйымдастырылды

foto

Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы Кампания аясында, Қызыл Ай қоғамының қалалық комитетінің Астаналық бөлімшесінің қолдауымен, Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында  қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдылық акция жыл сайын  ҚАҚ ҚКАБ-нан АИТВ жұқпасымен өмір сүретіндерге әлеуметтік қолдау мақсатында мейірімді дәстүрге айналды. 31 отбасы кең ассортименттегі өнім – тұрмыстық жиынтықтағы өнімдер мен  шаруашылық – тұрмыстық тауарлар берілді.

ЖИТС орталығында АИТВ жұқпасымен есепте 690 адам тұр, оның 40%-да тұрақты жұмысы жоқ. Орталықтың науқастарына жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетілетінін айта кету керек. Сондай-ақ, тоқсанына 1 рет ақшалай жәрдемақы төленетіні қарастырылған.

Қалалық ЖИТС орталығы және ҚАҚ ҚКАБ, АИТВ жұқпасымен өмір сүретіндерге әлеуметтік көмек көрсетіп және олардың мүдделерін қорғауға бағытталған жұмысты жүргізуге ниетті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button