Қала мен Сала

ЗАҢСЫЗ ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЖАЗАЛАНАДЫ

Елордада 28 наурыз бен 8 сәуір аралығында заңсыз қызмет көр­сететін көлік жүргізушілерін тексеру мақсатында рейд ұйым­дас­тырылады. Оның құрамында қа­лалық әкімдік, Жергілікті полиция қызметі, Мемлекеттік кірістер департаменті мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болады.

Шаһар басшысы Әділбек Жақсыбеков аппарат отырысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысатын азаматтарға шара қолдануды тапсырған-ды. Жүргізілгелі жатқан рейдтің мақсаты – салық органдарында тіркелмеген, өкілетті органдармен келісімшартқа отырмаған, қызмет көрсету үшін берілген арнайы рұқсаты жоқ, сондай-ақ, аталған саладағы ортақ талаптарды орындау­дан жалтарған жандарды тексеріп, тәртіпке шақыру. Осылайша, жоғарыдағы ведомство қызметкерлері астаналықтардың қауіпсіздігін қадағалап, жүріп-тұруға қолайлы жағдай жасамақшы.

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button