Жаңалықтар

Жарнама қызметі талапқа сай ма?

Бейсенбі күні елордалық мәслихатта «Астанадағы сыртқы жарнаманы орналастыру тәртібі мен ереже­лерін сақтау туралы» атты тақырыпта қоғамдық тыңдау өтті.

20-1

Оған қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының, кәсіпкерлер палатасы мен бизнес өкілдері қатысып, осы саладағы өзекті мәселені талқыға салды.

Оған қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының, кәсіпкерлер палатасы мен бизнес өкілдері қатысып, осы саладағы өзекті мәселені талқыға салды.

Жиында Астана қалалық Сәулет және құрылыс басқар­масы басшысының орынбасары Гүлжан Кивенова баяндама жасады.

– Қалалық мәслихаттың шешімімен жарнаманы орналастыру тәртібін сақтау туралы ереже қабылданған. Біз сол ереже аясында қаладағы заңсыз қойылған жарнамаларға байланысты тексеру жүргіздік. Рейд барысында бір жарымнан астам заң бұзушылық анықталып, оларға ескерту қағазы берілді. Әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның сегізі сотқа жіберілді. 202 ұйым өз қолдарымен жарнаманы талапқа сай қайта жасады. Бүгінде елордада 50 жарнамалық компания қызмет көрсетеді. Бірақ оның барлығы заң талаптарын сақтай бермейді. Өрескел заң бұзушылыққа жол береді. Соның кесірінен елорданың сәулеттік келбетіне сай емес жарнамалар ілінеді. Бір айта кетерлігі, мекеме атаулары мен жұмыс уақыты жазылған маңдайша белгілер жарнамаға жатпайды. Оған салық төленбейді, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Баяндамашының сөзінен кейін, мәслихат депутаттары қаладағы сыртқы жарнама мәтін­дерінің мазмұны мен мем­лекеттік тілдегі аудармасына көбірек тоқталды. Айталық, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, мәслихат депутаты Ақылбек Күрішбаев: «Астанада өзге тілде жазылған жарнамалар көп. Олардың қазақша аудармасы көбінесе қате жазылады. Қазақ елінің бас қаласы болғандықтан, мемлекеттік тілде жазылған жарнама көбірек болу қажет қой. Осыған қойылған талап бар ма, оны кім тексереді?» деп сұрақты төтесінен қойды. Оған қалалық Тілдерді дамыту басқармасы ономостика бөлімінің басшысы Алма Шоқаева жауап берді. «Біздің басқарма жарнамаға қатысты тіл заңнамасының сақталуын қадағалайды. Оның ішінде қазақша мәтіннің қалай тұруы мен шрифтін қана қараймыз. Ал сөздің мағынасын тапсырыс беруші мен жарнама агенттігінің өзі орындайды. Бірақ біз оны қарап береміз. Қазақтың төл тіліне келмейтін аударма болса, тапсырыс берушіге түсіндіреміз. Оған кейбіреулер келіседі, кейбіреулер келіспейді» деп жауап берді. Қысқаша айтқанда, Тілдерді дамыту басқармасына жарнаманың идеологиялық және тәрбиелік мәнін естен шығармай, мағынасы мен аударманың сапасына қатаң бақылау жүргізу тапсырылды. Жиын соңында мәслихат депутаттары барлық айтылған мәселелерді ескеріп, жарнама қызметін лицензиялау ережелерін енгізуді ұсынды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button