Жаңалықтар

Инфрақұрылым нысандары – ел игілігіне

Астана әкімі Әсет Исекешев бірнеше инфрақұрылым нысандарының құрылы­сын аралады. Елорда басшысы алдымен «Бәй­терек» қосалқы электро­станциясының құрылысымен танысты, оны 2017 жылы қаңтарда іске қосу көзделген. 

120612b63b888f759bf7b133cd5

Шағын станция жаңа вокзалды, №15, 16 сорғы станцияларын және әлемдік деңгейдегі «Кәсіпқор» колледжін электр энергиясымен жабдықтайтын болады.

Әсет Исекешев ғимаратының құрылысы аяқталған №15 сорғы станциясын да аралап көрді. Мұнда сорғыларды, құбырларды, инженерлік желілерді (су құбырын, кәріз, нөсер кәрізін) монтаждау жұмыстары жүргізілді. Электр және БӨҚжА, технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін монтаждау, ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда.

Сорғы станциясын 2016 жыл­дың 15 қазанында іске қосу жос­парланған. Сондай-ақ, Ас­тана әкімі ЖЭО-2 жаңғырту және қалпына келтіру барысымен танысты.

Сапар соңында Әсет Исекешев №9 қалалық емханаға ат басын тіреді. Емхананың жалпы ауданы 9935,1 шаршы метр, мекеме заманауи емдеу-диаг­ностикалау жабдықтарымен жабдықталған білікті мамандар қызмет ететін 11 бөлімнен тұрады. 2016 жылдан бас­тап емханада Қазақстан Рес­публикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Ден­саулық» мемлекеттік бағ­дарламасы аясында ау­ру­дың алдын алу мен бас­қа­руға инте­грациялық тұр­ғы­дан қарау негізінде қоғам ден­сау­лығын қорғау бойынша жаңа саясат қолға алынып, эн­дос­ко­пиялық полипэктомия мен гистероскопиялық операциялар практикаға енгізілді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button