Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖАС ҒАЛЫМДАР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин жас ғалымдарға Есілдің сол жағалауынан пәтер кілтін табыстады.

kbb_7343

Керей мен Жәнібек хандар көшесі бойынан бой көтерген бес қабатты үш тұрғын үй кешені С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымына арнап салынған. Қоныс тойын тойлауға университет ректоры Ақылбек Күрішбаев пен университеттің оқытушылар құрамы келді. Өзі сөзінде университет басшысы осыдан біраз уақыт бұрын Президенттің жеке қабылдауына кіргенде университет қызметкерлеріне арнап тұрғын үй салуға рұқсат алғанын, уақыт өте келе арманы орындалғанын айтып, қуанышымен  бөлісті.

-Бүгін 120 адамға жаңа пәтердің кілті беріледі. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешовтің тапсыруымен  осы қуанышты бөлісуге  келіп отырмын. Бүгінде Астана қаласында халықты тұрғын үймен қаматамасыз етуде  әрбір жанға 29  шаршы метрден келеді. Жыл сайын елордада  2 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй тапсырылады.  Сіздердің үйлеріңіз аз уақыттың ішінде тұрғызылып, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр. Әрбір қонысқа құтты қадам тілеймін! – деді Андрей Лукин.

Жаңадан баспаналы болған қуаныш иелерінің қатарында  «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбритания мен Малайзия университеттерінде білімін  шыңдаған жас ғалымдар Әлия Байтеленова, Назгүл Құндызбаева, Айнұр Ғабдулина,  Калифорния штатының  Дэйвис университетінде іс-тәжірибеден өткен жас ұстаздар Бақытжан Үлкенов, Румия Галимова және Жұлдыз Сатаевалар бар. Сонымен қатар  жас отбасы ретінде Қанат Тұрсынов пен Бауыржан Енсеповке де жаңа пәтердің кілті табысталды.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button