Басты ақпаратҚала мен Сала

Жұмысшы құқығы қалай қорғалады?

Қазіргі таңда кез келген адам үшін еңбек шарттарының бұзылмауы, жұмыс орнының сақталып, айлығының уақытында төленуі және еңбек жағдайының нашарлап кетпеуі аса маңызды. Бұл бағытта Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы жыл басынан бері 267 тексеру жүргізді. Ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша сегіз кәсіпорындағы 66 қызметкердің алдында берешек 38,2 млн теңгені құрады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жалақы бойынша 430 млн теңге берешек өтелді, осылайша 1758 қызметкердің құқығы қорғалды.

Астанада 1758 қызметкердің құқығы қорғалды және оларға 430 млн теңге жалақы бойынша берешек қайтарылды. Әлеуметтік және еңбек қатынасын реттеу мақсатында қалада 34 мыңнан астам ұжымдық шарт жасалды. Бұл туралы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет ДОСҚҰЛОВ Астана қаласы коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру нәтижесі бойынша 121 млн теңгеден астам сомаға 477 субъект жауапкершілікке тартылып, құрылыс салушылар, мердігерлік ұйымдар, жобалау және сараптама компаниялары орындауға міндетті ескертулерді жою үшін 210 ұйғарым енгізілді.

– Әкімшілік іс жүргізу шеңберінде заңсыз құрылыс бо­йынша пәрменді санкциялардың болмауына байланысты құрылысты заңсыз деп тану және оны бұзу туралы, сондай-ақ нұсқамалар талаптарын орындауды мәжбүрлеу туралы талап қоюдың сот практикасы жолға қойылды. Сот арқылы 5 талап-арыз қанағаттандырылды. Соңғы үш жылдағы көрсеткіш бойынша әкімшілік істер саны азайған. Бұдан басқа, сот актілерін мәжбүрлеп орындау бойынша сот орындаушыларымен бірлесе отырып жұмыс үйлестірілді. Осы аралықта 40-тан астам сот актісі орындалды, – деді Д.Досқұлов.

Құрылыс жұмысы талапқа сай

Бүгінгі таңда Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы базасында елордада салынып жатқан 1523 нысан тіркелген. Ондағы құрылыстың барысы мен сапасын басқармада таға­йындалған жауапты техникалық қадағалау сарапшысы бақылайды. Басқарма басшысының айтуынша, ол ай сайын салынып жатқан құрылыс жұмысының барысы туралы есеп беріп отырады.

– Ай сайын қаладағы құрылыс объектілерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мекемеге 1000-нан астам есеп келіп түседі және сол талдаулардың қорытындысы бойынша жол берілген қате-кемшілік үшін тиісті шаралар қабылданады. Елордадағы құрылыс нысандарының салыну барысын қадағалап отыратын «Е-Qurylys» ақпараттық жүйесінің нәтижелері бойынша техникалық қадағалау сарапшылары құрылыс ұйымдарының дені талаптарға сай жұмыс істеп жатыр, – деді басқарма басшысы.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесінде жергілікті атқару органдары 2018 жылдан бастап 2022 жылдың ағымдағы уақытына дейінгі кезеңде 320-баптың 1-бөлімі бойынша 143 құрылыс ұйымы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сәулет-құрылыс бақы­лауын жүзеге асыру нәтижесі бойынша 121 млн теңге­ден астам сомаға 477 субъект жауапкершілікке тартылып, құрылыс салушылар, мердігерлік ұйымдар, жобалау және сараптама компания­лары орындауға міндетті ескертулерді жою үшін 210 ­ұйғарым енгізілді

«Алдағы уақытта құрылысы ұзаққа созылған нысандар тексеріліп, 310433,73 шаршы метр тұрғын үй-жайды пайдалануға беру жоспарлануда» деді басқарма басшысы.

1758 қызметкердің құқығы қорғалды

Еңбек қатынасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру нәтижесі бойынша 267 тексеру жүргізілді.

– Еңбекті қорғау – ерекше бақылауда. Ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бо­йынша сегіз кәсіпорындағы 66 қызметкердің алдында берешек 38,2 млн теңгені құрады. Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша 430 млн теңге жалақы бойынша берешек өтелді, осылайша 1758 қызметкердің құқығы қорғалды. Әлеуметтік және еңбек қатынасын реттеу мақсатында қалада 34 мыңнан астам ұжымдық шарт жасалды, – деді Д.Досқұлов.

Жазатайым оқиғалардың көпшілігі құрылыс нысанында болады. Кәсіпорындардағы осындай оқиғалар салдарынан 55 қызметкер зардап шекті.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қаланың Кәсіподақ орталығымен және ҚР жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) ұлттық конфедерациясымен бірлесіп, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді. Ағымдағы жылы 3900-ден астам қызметкерді қамтумен осындай 135 кездесу ұйымдастырылды.

Жануарларды қорғау – басты назарда

Басқарма ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті ұйымдастыру саласындағы жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді.

– Бүгінгі таңда Астана қаласының аумағында барлығы 2361 жануар, оның ішінде 269 бас ірі қара мал, 1642 бас ұсақ мал, 4 бас шошқа, 446 бас жылқы анықталды. 2022 жылы ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың жалпы саны – 91. Өткен 2022 жылы аса қауіпті ауруларға қарсы 2957 диагностикалық зерттеу жүргізілсе, 2023 жылы 3250 зерттеу жүргізу жоспарланып отыр, – деді басқарма басшысы.

Жануарларды вакцинациялау бойынша 27505 манипуляция жүргізілді. 2023 жылы құс тұмауына қарсы 5 мың вакцинация жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, жыл соңына дейін қаладағы 3500-ге жуық қаңғыбас жануар мен мысық тегін зарарсыздандырылады.

– Сондай-ақ, Астана қаласы­ның аумағында 2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды жәндіктеріне, атап айтсақ, шегірткелерге қарсы 700 га алқапты өңдеу жоспарлануда. Өткен кезеңде компаниялар мен жеке тұлғаларға 927 лицензия берілді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын 221 сарапшы аттес­таттаудан өтті. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару бойынша барлығы 61 компания аккредиттелді. Техникалық инспекция стандарттар мен регламенттердің талаптарын бұзбай, белгіленген мерзімде 5810 мемлекеттік қызмет көрсетті, – деді Д.Досқұлов.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button