Ресми бет
Шахматтан үздікпіз

Грекияның Родос қаласында шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионаты өтті. 54 елден 509 шахматшы келген бәсеке алаңы тартысты болды.
Классикалық шахмат бойынша G09 санатында сынға түскен елордалық Аланна Берікқызы 9 ойынның 8-інде жеңіске жетіп, І орыннан көрінді. Тағы бір жерлесіміз Әмина Қайырбекова 17 жасқа дейінгі шахматшылар арасында 8 ойында ұтып, алтын медальді еншіледі. Ал 9 жастағы астаналық Жауынбай Әлімжан қола медальға ие болды.
Командалық есепте 2 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алған Қазақстан І орын алды. Медаль саны бойынша Түркия ІІ, Моңғолия ІІІ орыннан көрінді.