Шаһар шежіресі

Бас қаланың көне келбеті

Тың өлкесіне түрен түскенде Арқа төсіндегі Ақмола қаласы еліміздің солтүстігіндегі ірі көлік торабына айналғаны белгілі.

Шаһарда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің дәстүрлі тәсілі жетілдіріліп, жеңіл өнеркәсіп орындарының саны артты. «Целинсельмаш», «Казахсельмаш», «Вагон жасау зауыты» өз ­қуатында жұмыс істей бастады.

1960 жылдың желтоқсан айында қала ­атауы Целиноград болып өзгертілді. Осы кезде бірқатар көшеге жаңа есім беріліп, көріктендірілді.

Суретте 1960 жылы түсірілген Целиноград қаласының Карл Маркс көшесі. Кейін Ақмола бас қалаға айналып, Астана атанғанда 1998 жылы көше Кенесары көшесі деп өзгерді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button