Қала мен Сала

Өндірісте өзгеріс көп

Өндіріс тұрғын алабының тұрғындарымен болған кездесуде су және электр қуатымен жабдықтау мәселесі талқыланды. Жиынға Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевпен бірге «Астана-АЭК», «Астана су арнасы» мекемелерінің басшылары және басқа да жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда ауданның тұрғын алаптарындағы кейбір мекенжайларда электр жарығының жиі сөнуі бойынша өтініш-шағымдар жиілеген. Жиын барысында электр жарықтарының үзіле беруі мезгілінен кейінгі зақымданумен байланысты екені анықталды. Сонымен қатар, сумен жабдықтау мәселесі де қаралып, тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды.

Аталған жиын барысында көтерілген мәселелер бойынша аудан басшысы «Астана-АЭК» және «Астана су арнасы» басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, өзекті мәселелердің шұғыл түрде шешімін табуын тапсырды.

Аудан басшысы Кирпичный тұрғын алабында болып, Астана қаласы Көлік және жол көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының, «Elorda Eco System» өкілдері және басқа да жауапты мамандардың қатысуымен көшпелі жиын өткізді. Аралау барысында тұрғын алаптың ағымдағы жылға арналған жоспары талқыланды. Оның ішінде Ырыс көшесі бойынша тротуарды жайлас­тыру, сондай-ақ республикалық медициналық академия ауданындағы Чехоев көшесі бойында су бұру, күлге арналған контейнерлер орнату, ағаш отырғызу мәселелері қаралып, аудан басшысының тарапынан тиісті тапсырмалар берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button