#Жаңа Қазақстан

Білмей сынап, беделін түсірмейік

– Әкімдер мен министрлердің жұмысын сынар алдында нақты дәлелдеріміз болуы қажет. Билікке қатысты сын мәселесіне жеңіл қарауға болмайды. Біз әкімдерді жөнсіз сынаймыз. Оларды кім сынай алады? Әкімдіктің бюджетін көріп, қанша қаражаты болды, ол жұмсалды ма, жұмсалмаса оған не себеп – соған көз жеткізіп барып айту керек. Менің айтпағым, өкінішке қарай, біз билікті әбден, жөнсіз сынай беріп, оның беделін түсіріп тастадық. Егер әкімдерді кінәлі дейтін болсақ, онда сөзімізді дәлелдеуіміз қажет.

Жұрт біле бермейтін жайттың бірі, әкімдер орталық атқарушы органдар бекіткен ережеге сүйеніп жұмыс істейді. Әкім бюджеттік кодекспен жұмыс істейді. Ол ережелерге Мәжіліс тікелей ықпал етеді. Егер жүйені жақсартып қойса, онда әкімдер ешқайда бара алмайды. Сөзден іске көшіп, жұмыс істеуіміз керек. Қоғамда көп сын айтылады. Мысалы, ауыл шаруашылығы саласын алайық. Минис­тр­лік жұмыс істемейді деп айттық, олай айту үшін дәлел керек. Мен ауыл шаруашылығы саласының маманымын, салаға қатыс­ты проблемаларды білемін. Ал жұрттың көбі проблемаларды білмей, сынау керек деп әртүрлі келеңсіз ой-пікірлерін жеткізіп жатады. Осыған жақсылап назар аударуымыз қажет.

Анас БАҚҚОЖАЕВ,

Мәжіліс депутаты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button