Елорда тынысы

Емханалар жаңарды

Астанада күрделі жөндеуден кейін №5 және 8 емханалары ашылды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек (ККТМК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында екі медициналық мекемеде 150 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетіледі. Ғимараттардың қасбеттері мен лифт қондырғылары жаңартылып, медициналық жабдықтар сатып алынды.

Аурухана аумақтарын абаттандыруға, сондай-ақ оларды жарықтандыру мен көгалдандыруға ерекше назар аударуды тапсырдым. Айтпақшы, пайдалануға берілген сәттен бастап, 15 жылдан астам уақыт бойы бұл емханаларда жөндеу жұмыстары мүлдем жүргізілмеген. Осы мәселелерді елордалық мәслихат депутаттары бірнеше рет медициналық нысандарға барғаннан кейін бастамашы болып, көтерді.

Барлық жұмыс «елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспары» шеңберінде жүргізілді, оны елордалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады» деп түсіндірді Е.Каналимов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button