#Жаңа Қазақстан

Су – ұлттық қауіпсіздіктің негізі

– Әлемдік тәжірибеде «water governance» ұғымы мемлекет тарапынан су ресурсын жүйелі басқару мен тиімді пайдалануды көздейді. Қазақстанға Орталық Азиядағы су ресурсының 18 пайыздан астамы ғана тиесілі екені мәлім. Сәйкесінше, еліміздегі су қорының 40 пайызға жуығы көрші мемлекеттерден келеді. Бұл, өз кезегінде, су ұлттық қауіпсіздіктің негізгі тармағы ретінде күн тәртібіне еніп отыр.

Аталмыш салаға арнайы мән беріп, жеке министрлік ретінде құру – уақытылы қабылданған шешім. Жаңадан құрылатын Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі су саясатын ілгерілететін, су инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныс беріп, оның орындалуына жауапты болуы қажет. Сонымен қатар өз құзыреті шеңберінде трансшекаралық су ресурсы бойынша келіссөздер мен талқылауларда мемлекеттік мүддені қорғауда басымдыққа ие болмақ. Сондай-ақ салалық ведомство ретінде су мәселелері бойынша халықаралық, өңірлік ұйымдар мен өзге де мүдделі тараптармен байланысты жаңа деңгейге көтеруге, сол арқылы елімізге суды тиімді пайдалану бойынша жаңа технологиялар енгізуге мүмкіндік тумақ.

Орталық Азия өңірі ауыл шаруашылығының 75 па­йызы суармалы әрі еліміздің төменгі ағыста орналасуы су ресурсы бойынша көрші елдермен тиімді әрі жүйелі байланыс орнату, достық пен серіктестікке негізделген «су дипломатиясын» жүргізуді қажет етеді. Осы ретте аталмыш ведомство өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әрекет етуі тиіс.

Бауыржан БАГЛАЙ,

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы дипломатия институтының ассистенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button