#Жаңа Қазақстан

Орталықсыздандыру мәселесі көтерілді

– Менің бағалауымша, бұл – соңғы 10 жылдағы ең үздік Жолдаудың бірі. Экономикалық категориялар бойынша қоғамның барлық спектрін қамтиды және мемлекеттің экономикалық саясатына баса назар аударылған. Президент алдағы саясаттың негізгі параметрлерін салалық тұрғыдан нақты атап өтті. Бұл – ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, инфрақұрылым, туризм және экономиканың басқа да негізгі салалары. Осы тұрғыдан алғанда, Жолдау мінсіз. Бірақ маған бәрінен бұрын ұнағаны – экономикалық саясаттың бюджетаралық қатынасы туралы тұсы. Біздің бағалауымыз бойынша бюджетті орталықтандыруға шамадан тыс көңіл бөлу аталған саланы дамытудағы тежеудің бірі болды. Қазір Мемлекет басшысы орталықсыздандыру қажет екенін нақты атап өтті. Мысалы, елорда әкімі Қаржы министріне қарағанда қаладағы проблемаларды жақсы біледі.

Президент Жолдауда кәсіпкерлікті қорғау мәселесін егжей-тегжейлі түсіндірді. Кәсіпкерлік нормаларға байланысты біз орта бизнесті жоғалттық. Егер соңғы 5 жылдағы динамиканы қарастырсақ, орта бизнес субъектілерінің саны 2 есе қысқарды. Менің ойымша, осы орайда Президент орта бизнесті қолдауымыз керегін айтты. Неліктен бізде шағын бизнес жақсы жолға қойылған? Себебі орта бизнеске белгілі бір салық жүктемесі бар және оны болдырмау үшін компаниялар назарды шағын бизнеске бөле бастады.

Бұл Жолдаудағы маңызды мәселенің бірі – атом электр станциясының құрылысына қатысты референдум жария­ланып, бұл мәселені халық шешеді. Бұл – мемлекеттің өмірлік маңызды мәселелерді шешудегі қуатты құқықтық, конституциялық-құқықтық құралы. Заңның үстемдігі сақталатын құқықтық мемлекет мұндай жаһандық мәселелерді референдум өткізу арқылы шешеді. Заң тұрғысынан алсақ та, Президент АЭС салуға қатысты шешімді халықтың өзі шешуі керегін нақтылап берді.

Қайырбек АРЫСТАНБЕКОВ,

Экономикалық саясат институтының директоры

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button