#Жаңа Қазақстан

Экономика өсімінің игілігін әрбір отандасымыз көру керек

Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында алдымен Президент сайлауы алдында айтқан уәделерінің іс жүзінде орындалу межелеріне тоқталды.

Алдағы үш жылда атқарылатын шараларды халыққа жеткізді. Осы уақытқа дейін атқарылған іс көп. Мәселен, көптен айтылып жүрген мұғалімдердің жалақысы 2020 жылдан бастап екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Халыққа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігінің арқасында бір миллион­ға жуық адам осы жобаның игілігін көрді, тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынды. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды.

Ал биылғы Жолдаудың басым бағыты экономикаға бағытталды. Барлық экономикалық іс-шаралардың нәтижесі халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуі тиіс. Президент Үкіметке экономикалық өсімді 6-7 пайызға арттыруды міндеттеді. 2029 жылға қарай ұлттық өнімді екі есе көбейтуді тапсырды.

Халықтың жағдайына әсер ететін тапсырманың бірі азаматтардың табысын арттыру үшін келер жылдың басынан ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды. Бұл – Жолдауда айтылған маңызды тапсырма. Осылайша, елімізде ең төменгі еңбекақының мөлшері үш жыл ішінде екі есе көбейіп, 42500 теңгеден 85 мың теңгеге өседі. Бұл шара 1,8 миллион адамның, бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.

Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға, балалар мен жастар жағдайына айрықша тоқталды. Бастапқы білім беру капиталын, жыл сайын мемлекеттік сыйақыны түбегейлі қарауға міндеттеді. Үкіметке бес жастан асқан балаларға арналған «Жаңа келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жү­йесін құруды тапсырды. Бұл жүйе мен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда, жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады.

Бір сөзбен айтқанда, Президент экономика өсімінің игілігін әрбір азамат көру керектігіне тоқталып, бұл принципті мәселе екеніне ерекше назар аударды.

Марат МҰСТАФИН,

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button