Жаңалықтар

Алғыс айту күні құрметіне

Алғыс айту күні құрметіне Астанада  бірқатар тақырыптық шаралар өткізілмекші, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.  

1 наурызда Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында «Ғасырдан да ұзақ күн» спектаклі, ал М.Горький атындағы Орыс драма театрында «Курт – драгоценный камень» қойылымы көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, Қарттар үйінде «Құрмет пен ізет құшағында» көшпелі кітапхана шарасы ұйымдастылса, «АЛЖИР» мұражайына келушілер мерекеге орай жасақталған арнайы көрмені тамашалайды.

Бұдан бөлек, 1 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында «Мың алғыс» концерті, ал 3 наурызда «Жастар» сарайында көрермендерге «Один народ – одна семья» концерті қойылады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button