Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

 Мерей АРТЫҚҚЫЗЫ, қала тұрғыны:
– Жуырда қалалық прокуратура азаматтарды қабылдайды деп естідім. Менің де шешімін таппай келе жатқан мәселем бар еді. Сұрайын дегенім, қабылдау қашан және қайда жүргізіледі?

Оқырман сауалына әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметті ­жариялаймыз:

– Астана қаласының прокуратурасы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен әкімдікпен бірлесе отырып, 2018 жылдың 16 тамызында сағат 10:00 мен 16:00 аралығында азаматтарды қабылдайды. Шарада прокуратура, әкімдік, ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік кірістер мен әділет департаменттерінің басшылығы және Ұлттық банктің филиалы өкілдері азаматтардың сұрақтары бойынша жеке қабылдау жүргізеді.
Іс-шара «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының ғимаратында өтеді. Алдын ала жазылу үшін Астана қалалық прокуратурасының байланыс телефондарына: 8 (7172) 712449, 712126 және «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің байланыс нөміріне 8 (7172) 361945 хабарласқаныңыз жөн.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button