Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Тайыр ҒАЗАЛИЕВ, қала тұрғыны:
– Елімізде «Жас дипломат» жобасы басталғаны туралы естіген едім. Бұл бағдарламаның мақсаты қандай, оған кімдер қатыса алады? Осы жағын білгім келеді.

Оқырман сұрағына Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенконың жауабын ұсынамыз:
– Бұл жобаның мақсаты – жеткіншектерді дипломатия саласымен жақын таныстыру, Сырт­қы істер министрлігі мен Қазақстандағы шетел елшілікте­рінің жұмысын көрсету, дипломат болғысы келетін жастарға бағыт-бағдар беру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Сыртқы істер министрлігінің бұл жобасына елорданың №3, 4, 5, 6, 48, 75, 81 мектептердің оқушылары қатысып жатыр. Жобаға қатысушылар қараша-желтоқсан айларында Бразилия, Германия, Грузия, Корея, Жапония, Польша, Түркия сынды жеті мемлекеттің елшіліктерінде дипломатиялық қызметтің қыр-сырымен танысып, оқушыларға танымдық мақсаттағы шаралар ұйымдастырылады. Елшілер оқушылармен бірлесіп жұмыс жасап қана қоймай, өз тәжірибелерімен бөліседі. Екі айдан соң қатысушылар БҰҰ моделіне сәйкес «Болашақтың энергиясы» тақырыбында отырыс өткізіп, энергия тақырыбын талқыға салады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button