Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Ерсаян Кенжебай, қала тұрғыны:
Астанада волонтер болғысы келетін адамдар қайда хабарласуы керек? Жалпы, елордалық волонтерлердің басын қосатын бір ұйым не орталық бар ма?

Бұл сұраққа «Ұлттық волонтерлік желі» ұйымының жобалар үйлестірушісі Әйгерім Бижанова жауап береді:
– Бүгінгі таңда Астанада волонтерлік мәдениетті қалыптастыру және қолдау мақсатында 2010 жылы құрылған «Ұлттық волонтерлік желі» ұйымы бар.
Бүгінде елордада бірнеше мекеме волонтерлік жобаларды ұсына алады. Мысалы, жастар саясаты бойынша волонтерлік қызметтерді «Astana» жастар даму орталығынан табуға болады. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің бастамаларын қолдауға арналған Астана қаласының жас көшбасшылар қоғамы («Global Shapers Community in Astana») да бар. Денсаулығы нашар кісілерді қолдауға бағытталған волонтерлік іс-шараларды «Океан-Арт» шығармашылық орталығы, «Үнсіз әлем» қоғамдық қоры, «Дос» тәуелсіз өмір орталығы, «Нұр-Әлем Қазақстан» қоғамдық қоры ұйымдастырады. Мұнымен қоса, «Best For Kids» қоғамдық қоры балалар үйінде тәрбиеленетіндерді әлеуметтік бейімдеу бойынша жобаны іске асырады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button