Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Дария АСҚАРҚЫЗЫ, қала тұрғыны:
– Астанада жылы аялдамаларда сауда нүктелері орнатылатыны жөнінде естіп едім. Ол павильондардағы сауда орындары қалай бөлінеді?

Оқырман сауалына «Астана» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жауап берді:
– Жылы аялдамаларға қатысты ереже бекітіліп жатыр. Ол «Көше сау­дасына 1000 орын» бағдарламасы ережесінің баламасы болады. Қалаға 200-ге жуық жылы аялдама павильоны қажет. Оның 55-і бюджет есебінен орнатылады, ал қалғанын біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі есебінен орнатуға тырысамыз. ӘКК жер телімін ұсынып, құқығын белгілеу­ші барлық қажетті құжатты алуға көмектеседі, ал инвестор-бизнесмен аялдама павильонын орнатады. Аялдама павильонын екі бағытта пайдалануға болады. Біріншісі – жарнама таратушы – билбордтар, оған жарнама орнатылады. Екіншісі – коммерциялық сауда павильоны (гүл, фаст-фуд, жеміс-жидек сатуға арналған). Алғашқы павильонды біз орнаттық. Қазір 10-нан көп аялдама орната алатын инфес­торлармен жұмыс жүріп жатыр. Біз ондай инвесторлармен тікелей келіссөз жүргіземіз. Неге? Себебі бір аялдама павильонының құны – 6-дан 15 млн теңгенің аралығында және оны қосу ақысы бар. Оны кез келген бизнесменнің қалтасы көтермейді. Сол себепті 10 және одан көп павильон орната алатын ірі институттық ұйымдармен жұмыс істеп жатырмыз. Мұндай инвесторлар мен ұйымдармен келіссөз жүргізудің соңғы кезеңіндеміз. МЖС механизмі есебінен 90-ға жуық аялдама павильонын орнатамыз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button