Жаңалықтар

Тарих таңбасы өшпейді

31 мамыр – Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай астаналықтар ашаршылық құрбандарының ескерткіш-монументінің алдына жиналды.

Құрбан болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алған Астана әкімі Әсет Исекешев бастаған жергілікті билік өкілдері мен мәслихат депутаттары, зиялы қауым мен түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары және қала тұрғындары ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.
– Атам Хайретдин Болғанбаев Алаш арыстарымен – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтармен бірге қазақ халқының қамы үшін жанкешті қызмет атқарып, Ақмола облысындағы ашаршылықпен күрескен. Алыс­тағы ауылдарда аштықтан қырылып жатқан адамдардың ішінен тірі қалғандарын Ақмолаға әкеліп, оларды аман алып қалу үшін жұмыс жасаған. Осы жақта балалар үйін аштырып, Қор­ғалжын, Атбасар аудандарында мектеп, аурухана салдырған. Содан атамыз да солақай саясаттың құрығына ілігіп, 1937 жылы жазықсыз атылған, – дейді атасы жайлы зейнеткер Жамбыл Камелов.
Айта кету керек, осы күні түске дейін алаштанушы ғалымдар студент-жастармен бірге Ақмол кентіндегі «Алжир» мұражайына барып, құрбан болғандардың рухына тағзым етіп қайтты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button