Қоғам

Ақселеу мен Амангелдіні еске алды

Алаш ардақтысы ­Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған дәстүрлі тастаяқ турнирі биыл да жалғасын тапты. БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өткен аталмыш турнирдің ұйымдастырушысы – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналис­тика және саясаттану факультеті.

Турнирдің ашылу салтанатында көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара Салғараұлы жан досы Ақселеу Сланұлын еске алып, ұйымдастырушыларға шынайы алғысын жеткізді. Оның сөзін классик жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлен Әбдік, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ерлан Сыдықов, белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай, белгілі жазушы-публицист, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алдан Смайыл, Ақселеу Сейдімбектің інісі Асылхан Сейдімбек жалғап, журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Турнирдің бас төрешісі, белгілі спорт журналисі, жазушы Несіп Жүнісбайұлы болды.

Жарыс қорытындысында 60 жастан асқандар арасынан бірінші орынды ардагер журналист Сәдібек Түгел, екінші орынды тележурналист Әлімжан Сабыржанұлы, үшінші-төртінші орынды сәйкесінше ғалым Тұрсын Жұртбай мен журналист Аяған Сандыбай алды. Ал 60-қа дейінгілер арасында бас бәйгені Талғат Ешенұлы, екінші орынды Дәулеткерей Кәпұлы иеленді.

Сонымен қатар белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске түсіруге арналған «Жеңісті күндерде жүздескенше!» атауымен бильярдтан дәстүрлі республикалық турнир ұйымдастырылды.

Командалық жүйемен өткен турнирге 13 команда қатысты. Белгілі спорт журналисі, жазушы Несіп Жүнісбайұлы бас төреші болған жарыста Дәулеткерей Кәпұлы, Бауыржан Қарағызұлы, Тілеубек Батыс және Ұларбек Нұрғалымұлы құрамында болған «Қастауыш» командасы жеңіске жетті. Финалда олар «Ұлттық арна» құрамасынан басым түсті. Ал «Қазақ спорты» газеті үшінші орынды иеленді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button