Әлеумет

«Арқа әуендері» – ардагерлер ансамблі

Астана қаласының оқушылар сарайында Алматы аудандық Ардагерлер кеңесі ұйымы жанынан құрылған «Арқа әуендері» халықтық ансамблінің салтанатты концерті өтті.

Ансамбльдің 10 жылдығына және Республика күніне арналған концерт  «Астанам менің» әнімен ашылды.  Ансамбль мүшелері орындаған халық әндері «Ай, Қаракөз», «Дедім-ау», «Мерекем сен», «Шалқыма», әуесқой композитор, күйші Б.Төлегеновтің «Салтанат» күйі, әртүрлі халық әндерінен көрсетілген попурри әндер көрермен көңілінен шығып, жақсы бір көңіл-күй сыйлады. Ансамбль мүшелері зейнеткерлер болса да, олардың өнерлері көпшілікті тәнті етті.

Ансамбльдің жетекшісі Кенжетай Жанұзақова – «сегіз қырлы, бір сырлы» өнерпаз жан. Қайда жүрсе де өнерін тастаған емес, ән де айтады, домбырада да ойнайды. Кезінде қалада әйелдердің шахмат үйірмесін ашқан да еді. Биыл шахматтан өткен қалалық чемпионатта «Чемпион әже» атанып, Өскеменде өткен республикалық жарысқа қатысып келді. Осы концерт барысында Кенжетай Ерғалиқызы Жанұзақова Республикалық Ардагерлер бірлестігінің «Құрмет белгісі» төс белгісімен, қалалық Ардагерлер кеңесінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Алматы ауданы әкімдігі атынан да ансамбль мүшелеріне алғыс жарияланып, сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар Астана қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мекемесі директорының орынбасары Эльвира Шамшикенова ансамбльдің белсенді мүшелеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырып, өнерді өмірлеріне серік етіп келе жатқан зейнет­керлерді қуантты.

Баянды ӘЛПИ,

Алматы аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшесі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button