Жаңалықтар

ASHYQ ТІЗІМІ ЖАҢАРДЫ

Нұр-Сұлтанда Ashyq жобасы көшбасшыларының тізімі жаңартылды. Қазіргі уақытта 159 мекеме қосымша жеңілдіктер беретін екі апталық статусқа ие болды.

Жоба көшбасшыларының тізімін қала әкімдігі Ashyq жобасына қатысатын нысандарда (екі апталық кезеңде) QR-код арқылы тіркелген келушілердің мәліметі негізінде қалыптастырады. «Ashyq көшбасшысы» статусын алған жоба қатысушысы «қызыл аймақта» орналасса, «сары аймақтың» шарттары бойынша, ал «сары аймақта» «жасыл аймақтың» шарттары бойынша жұмыс істей алады. «Жасыл» және «қою қызыл аймақтардағы» жоба қатысушыларына жұмыс тәртібі қосымша 2 сағатқа ұзартылады, сондай-ақ нысанның толтырылуы 10 пайызға артады. Вакцинаның бірінші компонентін қызметкерлердің кемінде 90 пайызы алған жағдайда, бұл орайда соңғы 3 ай ішінде медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, ауырып жазылған адамдарды есепке алмағанда, нысанның толтырылуы 20 пайызға көбейеді.

Естеріңізге сала кетейік, жобаға қатысушылар санитарлық нормаларды толықтай сақтауы тиіс. Егер карантин талаптары бұзылса, тізімнен шығарылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button